Басты Жаңалықтар Зейнетақы жинағымен ипотеканың негізгі қарызын ғана өтеуге болады

Зейнетақы жинағымен ипотеканың негізгі қарызын ғана өтеуге болады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы артық ақшаны ипотека төлеуге жұмсай алмайсыз. «Отбасы банк» өтінім қабылдауды бір айға тоқтатады. Ал наурыздан бастап банк берешігін өтеудің жаңа ережесі күшіне енеді. Тиісті түзетулер Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілді. Өзгеріс кімдерге, қалай әсер етеді?

Асылбек Данияр, тілші:

Енді азаматтар зейнетақы қорына жиналған артық ақшамен ай сайынғы ипотеканы толық жаба алмайды. Бұрын төлем күні ай сайынғы берешектің бір бөлігін мерзімінен бұрын өтеуге болатын. 2 наурыздан бастап несиенің тек негізгі бөлігін ғана төлеуге мүмкіндік бар. Ал қалған соманы, яғни банк сыйақысы секілді басқа да ілеспе төлемдерді қарыз алушы өз есебінен төлейді.

Жанболат Қалменов, «Отбасы банк» АҚ банк өнімдерін әзірлеу басқармасының басшысы:

Ай сайынғы төлем 200 мың теңгені құрайтын болса, сол теңгенің ішіндегі 100 мың теңгесі қарыз делік. Егер клиенттің қолжетімді зейнетақы сомасы 150 мың теңге болса, сол теңгемен қарыздың негізгі сомасын өтеуге болады. Соның арқасында ай сайынғы төлемді азайтып, банк қосатын сыйақыны азайтуға болады. Келесі айдан бастап клиент 200 мың теңге емес, 180 мың теңге көлемінде төлейді.

Асылбек Данияр, тілші:

enpf-otbasy.kz платформасында өтінімдерді қабылдау қаңтардың 30-нан 31-не қараған күні тоқтайдыСол уақытқа дейін берілген өтінімдер бұрынғы ережемен қаралады. Жалпы, тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы қаражатын пайдаланудың басқа бағыттары өзгермейді. Үй алуға ниеттеніп қордағы ақшасын «Отбасы банкке» аударып жүргендер ақшасын депозитке жинауына болады.
Бөлісу