Петропавлда экомәдениет зияткерлік сайысы өтті
Петропавл қаласында жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған зияткерлік сайыс өтті.
«Эко-Батл: Таза Қазақстан» атты интеллектуалдық ойынға қала колледждерінің студенттері қатысты. Шараның басты мақсаты – жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін күшейтіп, экология мен тазалық мәселесіне бейжай қарамауға шақыру, дейді ұйымдастырушылар. Интеллектуалдық ойын екі кезеңнен тұрды. Алғашқысында командалар экология, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, қоршаған ортаны қорғау бойынша сұрақтарға жауап берді. Ал екінші кезеңде жастардың логикалық ойлау қабілеті сыналды.
Бүгінгі ойын өте қызықты өтті. Өте көп қызықты ақпарат алдық. Жалпы осы экологияны сақтауға өз пікірлерімізді білдіріп және болашаққа өз идеяларымызды ұсындық. Менің ойымша әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен бастау керек.
Ал Таразда экобелсенділер жастарға «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңызын түсіндіріп, табиғатты аялауға шақырды.
Игі шара басталғалы тұрғындар арасында экологиялық мәдениет қалыптасты дейді экобелсенділер. Ерте көктемде ағаш егуге жастардың жиі атсалысатындарын айтты. Жиын соңында қоқысты сұрыптау, жасыл аймақтарды көбейту үшін көктемгі сенбіліктің жоспарын бекітті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы