«Бір ел – бір кітап»: Жылдың үздік кітабы анықталды
Дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы қорытындыланып, жылдың үздік кітабы анықталды. Биыл жиырмасыншы рет ұйымдастырылған мәдени шараға оқырман ұсынысымен 9 кітап іріктеліп алынды. Шешуші кезеңде комиссия мүшелері жасырын дауыс берді. Нәтижесінде жыл кітабы болып – Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы таңдалды. Жазушының шығармасы енді жыл соңына дейін ел көлемінде оқылмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның танымалдығы уақыт өткен сайын артып келеді. Қазақ әдебиетін жүйелі түрде насихаттап, қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға арналған акция алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Күміс Сейітова, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы:
Биыл ережеге көптеген өзгеріс енгіздік. Мәселен, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына 30 кітап таңдалған екен. Бірақ осы акцияның атауына қарай оның концепциясы бойынша, «Бір ел – бір кітап» атауына қарай бір кітап таңдалуы керек. Сондықтан осы ережені енгізіп отырмыз. Шешімді комиссия қабылдайды. Сондықтан комиссия мүшелерінің шығармаларын қатыстыруға болмайды.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16