Жетісу облысының Панфилов ауданына 190 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды
Жетісу облысының шекаралы аймағында орналасқан Панфилов ауданына кейінгі үш жылда 190 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Нәтижесінде 70 ірі жоба жүзеге асты. Сонымен қатар 25 әлеуметтік нысан салынып, ел игілігіне берілді. «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 1200 балаға арналған және қайтарылған активтер есебінен Талды ауылында 300 орынды білім ошағы бой көтерді.
Айнұр Юсуфқызы, ауыл тұрғыны:
Көп балалы анамын. Бес балам бар. Үшеуі мектепте білім алады. Бұрын ескі мектепте уайымдайтынбыз. Ескі болған соң суық. Мектеп жылы, стандарттарға сай. Біз өте қуаныштымыз.
Ауыл аймақтарды газдандыру ісі де кезең кезеңімен жүзеге асуда. Былтыр аудандағы 3 ауыл көгілдір отынға қосылса, биыл 22 округке газ жеткізіледі. Сондай ақ соңғы екі жылда 800 пәтердің кілті әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға тапсырылды. Бірнеше спорт кешені мен 20 медицина мекемесі салынды.
Минавар Иминова, ауыл тұрғыны:
Бізде 1300 адам тұрады. Жаңа нысан өте жақсы, әдемі. Ішінде керек аппараттардың бәрі бар. Бұрын ескі ауруханаға баратынбыз. Қазір жақсы.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Суару маусымы аяқталуға жақын: Шаруаларға қанша көлемде су берілді?
12.09.2026, 17:51
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19