Басты Жаңалықтар Қазақстанда төрт «жасыл» электр станса салынады

Қазақстанда төрт «жасыл» электр станса салынады

Қазақстанда төрт «жасыл» электр станса салынады. Мәжіліс Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы келісімді ратификациялады. Құжатқа 2024 жылғы 12 қарашада Баку қаласында қол қойылған. Келісім жалпы қуаты 1,5 ГВт болатын үш жел электр стансасы және 0,3 ГВт қуаттағы бір күн электр стансасы іске қосылады. Жобалар Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарында жүзеге асырылады. Нәтижесінде жүзден аса тұрақты, 1500-ге жуық уақытша жұмыс орны ашылып, 2 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартылады. Жыл сайын 5,7 млрд кВт/сағаттан астам «жасыл» электр энергиясы өндіріледі. Жобаларға Қазақстан тарапынан «Самұрық-Энерго» компаниясы қатысады. Бұл бастама 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия үлесін 15%-ға жеткізуге және еліміздің көміртекті бейтараптық мақсатына қол жеткізуге бағытталған.


Бөлісу