Қазақстан мен Израиль сыртқы істер министрлері бірқатар маңызды құжатқа қол қойды
Осы сапардың нәтижесінде Қазақстан мен Израиль арасында визасыз режим енгізілуі мүмкін. Екі елдің сыртқы істер министрлері Ермек Көшербаев пен Гидеон Саар бірқатар құжатқа қол қойды. Тараптар ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату жөніндегі ықтимал келісімге қатысты ниет туралы меморандумды бекітті. Сонымен бірге дипломатиялық кадрларды даярлау, қоғамдық дипломатия саласындағы ынтымақтасты көздейтін құжаттар рәсімделді. Кездесу барысында инновациялық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ су ресурстарын пайдалану мәселесі талқыланды. Ермек Көшербаевтың айтуынша, былтырғы 10 айда екі ел арасындағы тауар айналымы 162 миллион доллардан асқан. Бұл көрсеткішті алдағы уақытта одан әрі арттыруға ниетті.
Ермек Көшербаев, ҚР Сыртқы істер министрі:
Соңғы 20 жылда еліміздің экономикасына Израильден жарты миллиард долларға жуық тікелей инвестиция тартылды. Осы жетістіктермен тоқтап қалмай, ынтымақтастықты одан әрі екпінді түрде жалғастыру үшін магистральдік және жаңа бағыттарды айқындадық. Бүгін осы ғимаратта екі елдің іскер топ өкілдерінің қатысуымен бизнес форум өтуде. Бұл айтулы шара инвестиция тартуға арналған бағыттарды зерделеуге, екі елдің компанияларын бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндіктеріне жол ашты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы