Басты Жаңалықтар Жетісу облысында 36 ғимарат салынды

Жетісу облысында 36 ғимарат салынды

Жетісу өз алдына дербес облыс атанғалы аймақтың инфрақұрылымы айтарлықтай дамыды. Мәселен өңірдегі Қаратал ауданында кейінгі үш жылда 36 әлеуметтік нысан салынды. Мектеп, емдеу мекемесі және спорт кешені сынды тағы 30-дан аса нысан күрделі жөндеуден өткен. Нәтижесінде аймақтағы ауылдардың да ажары айшықтала түсті. Аудандағы көз тартатын көрікті мекендердің бірі – Кәлпе ауылындағы мәдениет үйі былтыр ел игілігіне берілді. Тұрғындар руханият ордасында жиі бас қосады. Мұнда 20- ға жуық қызметкер бар. Қазір олар алда болатын байқауға дайындық жасап жатыр.

Алмагүл Сағымбаева, ауыл тұрғыны:

Осы мәдениет үйі ашылғалы бері жұмысқа кіріп, домбыра тартып, ән айтып үлесімді қосып жүрмін. «Қыздар вокалы» бар. Қарапайым қыз келіншектер келіп, ән айтады. Мәдениет үйі ашылғалы адам аяғы үзілмей келеді.

Кейінгі үш жылда ауданда колледж, жатақхана мектеп сынды төрт ғимарат салынды. Тағы 10 спорт кешені ашылып, сегіз мәдениет ошағы пайдалануға берілді. Сонымен қатар бірнеше емдеу мекемесі бой көтерді. Орталық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа құрал-жабдықтармен қамтылды.

Ілияс Жұманов, аудандық Орталық аурухана директорының орынбасары:

Қаратал ауданында үш жылда 12 медициналық нысан құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 50 пайызға жуық нысан жаңартылды. Блокты модульды ғимараттар салынды. Одан бөлек, алты нысан ұлттық жобаға сәйкес салынды.

Өңірде тұрғын үй мәселесі де рет-ретімен шешіліп келеді. 2022 жылдан бері 130 отбасы баспаналы болған. Қоныс тойын тойлағандардың бірі – ауданның құрметі азаматы Рахымғали Өтегенов. Зейнеттегі заңгер аймақтың өсуіне едәуір үлес қосқан тұлға.

Рахымғали Өтегенов, Үштөбе қаласының тұрғыны:

Тоғыз сот артық жер бар мына жерде. Жер де кең, үй де кең, жарықта жанып тұрады көшеде. Ең жас қаланың бірі болып тұр. Бәрі асфальттанған, тротуар бар.

Аймақта биыл тағы 150 отбасыны баспанамен қамту межеленген. Сондай ақ құны 30 млрд теңге болатын алты ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.

Бөлісу