«Теңіз» кен орнындағы зауыт қайта іске қосылды
«Теңіз» мұнай кен орны жақын күндері жұмысын қайта жандандырады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, бүгін өндіріс орнындағы «Екінші буын» зауыты іске қосылды. Оған қайта жұмысын бастаған «Королев» кен орныннан тәулігіне 2 500 тонна шикізат келіп жатыр. Мамандар жобалық қуатқа шығу үшін мұнай мен газ көлемін жоспарлы түрде арттырып жатқаны хабарланды. Ал Теңіз кен орнында қазір энергия жүйелері толықтай тексеріліп жатыр. Қуатпен қамту жүйесінің қауіпсіз қосылғаны расталды. Еске салсақ, 18 қаңтарда «Теңізшевройл» компаниясының Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан зауыт трансформаторынан өрт шығып, жүздеген жұмысшы эвакуацияланды. Өрт жедел сөндірілген, зардап шеккендер жоқ. Салдарынан «Теңіз» және «Королев» кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтаған еді.
Әсел Серікпаева, ҚР Энергетика министрінің кеңесшісі, министрліктің ресми өкілі:
«Теңіз» кен орны жақын арада іске қосылатын болады. Кестенің келесі маңызды кезеңі — 2 ақпан. Бұл күнге қарай компрессор мен төрт трансформаторды пайдалана отырып, Қысымды арттыру жүйелері арқылы жұмысты қайта жандандыру жоспарлануда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы