Басты Жаңалықтар «Нағыз абсурд»: Президент қай салаға қатысты ескерту жасады?

«Нағыз абсурд»: Президент қай салаға қатысты ескерту жасады?

Жақсы жаңалықтар бар: жалпы ұзындығы 400 шақырым Қызылорда – Жезқазған жолының Қызылордаға тиесілі бөлігі салынып біткенін білеміз. Президенттің хабарлауынша, Ұлытау облысы өзіне тиесілі бөлігін жыл соңына дейін аяқтайды.
Сонымен бірге «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолының Қызылорда – Ақтөбе арасындағы тар бөлігін кеңейтуге тапсырма берген. ь«Бейнеу – Сексеуіл» жолының құрылысы да биыл басталмақ. Жоба жүзеге асқан соң «Орта дәліздің» қашықтығы 900 шақырымға қысқарады.
Қарағанды – Жезқазған бағытындағы жолдың қапталына екі жолақты жаңа жол салуға кіріседі. «Сарыағаш айналма жолының» құрылысы басталады. Сонымен бірге биыл «Қызылжар – Мойынты» және «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желілері салынады. Сондай-ақ «Алтынкөл – Жетіген» және «Жезқазған – Сексеуіл» бағыттары бойынша теміржол учаскелері жаңғыртылады.
Ал сын мынадай: «Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы жылу электр орталықтарының құрылысы тым созылып кетті. Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорының жұмысына сын-ескертпе айтамын».
«Еліміздің Еуразияның әуемен жүк тасымалдайтын орталығы бола алмай отырғаны – кешірілмейтін қателік, қарапайым тілмен айтсақ, бұл – нағыз абсурд».
«Салық кодексін қолдануға қатысты жұртшылықтың ойға қонымды, сындарлы ұсыныстарын мұқият зерделеу керек. Қажет болса, түзетулер енгізген жөн. Түптің түбінде Салық кодексі қасиетті кітап емес», – деді Президент.

Ал әуемен жүк тасымалдау нарығында Еуразияның хабы бола алмай отырғанымызды президент «нағыз абсурд» деп бағалады. Қызығы сол – жүкті ұшақпен тасу міндеті кезінде «Қазақстан темір жолына» жүктеліп кеткен екен. Енді Мемлекет басшысы бұл функцияны жеке әуе компанияларына өткізіп беруді тапсырып отыр. Әлде «Самұрық-Қазына» жанынан ұлттық оператор құрыла ма? Өткен жазда Үкімет сондай жоспарын жариялағаны бар

Данияр Қайыртай, тілші:

Кодекс бекігелі көңілі күпті кәсіпкерлерді бір серпілткен жаңалық осы болды.Құрылтайдың ертеңіндеөзін «салық реформасының әкесі» санайтын Серік Жұманғарин Үкімет жанынан Кодексті енгізу жөніндегі Жобалық кеңсе құрып үлгерді.
 Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:
Бұл – бизнестің барлық сұрақтары жинақталып, келісілген шешімдер қабылданып, мемлекеттің бірыңғай ұстанымы қалыптасатын үйлестіру алаңы болмақ.

 Жобалық кеңсенің отырысы апта сайын өтпек. Бірақ ол жаңа заңға түзету енгізуді көздейді дегенге нақ кепіл жоқ. Негізінен бизнес көтерген мәселелерді жедел шешіп, түсініктеме берумен айналысатынға ұқсайды. Әйтпесе өзгертем десе, ұсыныс деген баршылық.

 Бауыржан Ысқақ, экономист:

Бюджеттің кіріс бөлігін өсіру тек қана салық ставкасымен қамтамасыз ететін болсақ, біз болашақта қазір табыс әкеп отырған кәсіпорындардан айрылып қаламыз. Біз кәсіпкерлерді ынталандыратындай жобаларды салық кодексіне енгізуіміз керек.

 Президент газ өндіру саласын бір түйреп өтті. Бақандай 10 мың жұмысшысы бар «QazaqGaz» ұлттық компаниясы небары 350 млн текше метр газ игеріп отырғанын «тиімсіз жұмыстың белгісі» деп сынағанын залда отырғандар естіді.Сондықтан «Самұрық-Қазынаға» қарасты бұл ұйымға жеке қаражат пен инвестиция есебінен жаңа кеніштерді игеру тапсырылды.

 Аян Хамидуллин, ҚР Энергетика министрлігі Газ өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары:

«QazaqGaz» ҰК шамамен 515 млрд текше м газды алдын ала ресурстық бағалаумен жер қойнауының 14 учаскесінде жұмыстар жүргізілуде.

 

Ал ресми тілде «орта мерзімді перспективада» делінетін нақ межесі белгіленбеген уақыт аралығында барланатын учаске санын 30-ға дейін жеткізу көзделіп отыр.Сонда QazaqGaz-дың ресурсы1,7 трлн текше метрге жетпек. Мемлекет басшысы қуат өндіруде көмір қорын да толық пайдалануды кезекті рет ескертті. Сол-ақ екен, Үкімет Көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба әзірлеп жатқанын жариялады.

 

Берден Оспан, ҚР Энергетика министрлігіЭлектр энергетикасын дамыту департаментінің басқарма басшысы:

Бұл жоспарға 7 гВт астам көмір генерациялау жобалары енгізілетін болады. Экологиялық заңнама талаптарын сақтай отырып, «таза көмір» заманауи технологиялары негізінде салынатын жаңа генерациялау жобаларына ерекше назар аударылатын болады.

 Көмір энергетикасын дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін президент қыркүйектегі жолдауында да айтқаны есте. Бірақ табиғатты ластамайтынына кепілдік беретін озық технологияларды қолдануды ескерткен еді. Сол кезде біз сұхбаттасқан сала маманы көмірді қазіргідей қатты күйінде емес, газға айналдырып жағуға болатынын айтқан. Технология дегенде меңзеліп отырғаны сол болуы да мүмкін.

 Болат Ермағамбет, Көмір химиясы және технологиясы институтының директоры:

Мысалы, 60 млн тонна көмірді өңдесеңіз 10 млрд текше метр газ аласыз. Қазақстанда 6 мың дана қазандықтар бар екен. Бәрінде көмірді күрекпен қазандыққа тастайды. Оның КПД дейді, коэффициент полезного действиясы 36-ақ пайыз. Жаққан көмірдің жылуы далаға кетіп жатыр. Енді осы көмірді сол жерде газға айналдырып, сол газды қазандыққа жағу керек. Сонда КПД-сы 80 пайызға дейін барады.

 Қай бастама болсын, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуды көздейді. Оның ішінде экономиканың күре тамыры саналатын жолдардың құрылысы да бар. Президенттің құрылтайдағы сөзінен биылдың өзінде Қызылорда-Ақтөбе жолы кеңейтілетінін, Бейнеу-Сексеуіл жолының құрылысы басталатынын, Қарағанды-Жезқазған жолы жаңартылатынын, Сарыағаш айналма жолы салына бастайтынын білдік. Тас жолдардан бөлек, бірнеше теміржол бағыты да бар.

Жанерке Рахман, Өңірлерді дамыту және өмір сапасы орталығының аға сарапшысы:

Жолдардың салынуы тек қана логистикалық проблеманы шешпейді, одан бөлек өңірлердің экономикалық белсенділігін арттырады.Бірінші кезекте бизнес шығындары азаяды. Оның ішінде шикізатты және өнімдерді тасымалдау шығындары азаяды.

Ал әуемен жүк тасымалдау нарығында Еуразияның хабы бола алмай отырғанымызды президент «нағыз абсурд» деп бағалады. Қызығы сол – жүкті ұшақпен тасу міндеті кезінде «Қазақстан темір жолына» жүктеліп кеткен екен. Енді Мемлекет басшысы бұл функцияны жеке әуе компанияларына өткізіп беруді тапсырып отыр. Әлде «Самұрық-Қазына» жанынан ұлттық оператор құрыла ма? Өткен жазда Үкімет сондай жоспарын жариялағаны бар.


Бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

Барлығы