«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері марапатталды
30 жоба авторына 3 млн теңгеден сыйақы берілді. Бүгін «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері анықталып, дарынды жастарды Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева марапаттады.
Байқауға биыл 1700 өтінім түсіп, 1622-сі қабылданған. Соның ішінен 30-ы іріктелді. Атап айтқанда, «Бизнес», «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технология», «Медиа» және «Волонтерлік» бағыты бойынша 5 қатысушыдан таңдалған. Үздік атанғандар енді сыйақыларын жобаларын әрі қарай дамытуға жұмсай алады. Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 2021 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен дарынды әрі болашағы зор жастарды қолдау мақсатында құрылған. Содан бері бұл грант 123 қазақстандық үшін өз идеяларын жүзеге асырып, дамытуға мүмкіндік беретін бастау алаңына айналды. Осы уақыт аралығында жеңімпаз атанғандардың 90 пайызы өз істерін өрге домалатты.
Арайлым Есенбекова, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері:
Жалпы жұмысым метаболикалық синдромы бар аурулардағы молекулалық механизмдерді зерттеу болып табылады. Соның ішінде қант диабеті аурулары. Бізге берілген қаржыны тиісті бағытта жұмсаймыз деп ойлаймын. Іріктеліп алынғаныма өте қуаныштымын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы