Елімізде дәрі-дәрмек өндіретін ірі 4 зауыт салынады
Қазақстанда дәрі-дәрмек өндіретін 4 зауыт салынады. Үкімет елімізде дәрі-дәрмек өндірісін локализациялауға бағытталған бірқатар ірі инвестициялық жобаны мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыларға қол қойды. Енді Денсаулық сақтау министрлігі мен тиісті компаниялар арасында келісімдер жасалмақ. Жалпы инвестиция көлемі – 173 млрд теңге. Жобалар аясында 356 дәрілік заттың өндірісі жолға қойылады. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар, онкологиялық аурулар, қант диабеті, вирусқа қарсы және иммунобиологиялық препараттар бар. Жаңа фармацевтикалық кәсіпорындар Алматы қаласында, Алматы және Түркістан облыстарында салынады. Нәтижесінде 675 жаңа жұмыс орны ашылады.
Аслан Қинаятов, ДСМ Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту
департаментінің директоры:
Жобаларды іске асыру – қазақстандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін едәуір арттыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға әрі халықты қолжетімді, сапалы дәрілік препараттармен қаматамасыз етуге мүмкіндік береді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда қолөнер бұйымдарына сұраныс артып келеді
14.10.2026, 17:25
Абай облысында тағы 30 кітапхананы жөндейді
14.10.2026, 17:22
«TransLogistica Kazakhstan 2026» көрмесіне әлемнен 230 компания қатысуда
14.10.2026, 17:20
Саясаттанушы: Халық кеңесі – қоғам мен мемлекет арасындағы жаңа көпір
14.10.2026, 17:18
Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет
14.10.2026, 17:17
Конгода эбола вирусын жұқтырғандар 9 мыңнан асты
14.10.2026, 17:15
Бали аралына да жанармай тапшылығы жетті
14.10.2026, 17:14
Ресейде алтын мен бағалы металдан кіріс азайып кетті
14.10.2026, 17:12