Басты Жаңалықтар Президент Конституциялық комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Конституциялық комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды. Комиссияға Конституциялық Сот Төрағасы Эльвира Әзімова жетекшілік етеді. Ал Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева комиссия төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

Комиссия құрамында 120-дан аса адам бар. Олар - Ұлттық құрылтай мүшелері, заңгерлер, бизнес өкілдері, депутаттар мен сарапшылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен қоғам қайраткерлері. Комиссияның негізі міндеті - Конституциялық реформаға қатысты нақты ұсыныстарды дайындап, жүйелеу.


Бөлісу