Басты Жаңалықтар ӘМСҚ жүйесі шілдеге дейін интеграцияланады

ӘМСҚ жүйесі шілдеге дейін интеграцияланады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесі биыл бірінші шілдеге дейін Денсаулық сақтау министрлігінен интеграциялануы тиіс. Премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы министрлігіне осындай тапсырма берді. Өзгеріс қордағы қаражаттың ашық жұмсалуы мен тиімділігін қамтамасыз етеді, деді. Үкіметтің МӘМС жүйесін Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы шешімін Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы да қолдады. Олжас Бектенов тиісті жұмыстың басталғанын жеткізді. Қазір өткен жылдарда қор қаржысын заңсыз әрі мақсатсыз пайдаланғандарға қатысты тексеру жүріп жатқанын, кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты. Ал, Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі енді қаржыландыру тек ең тиімді мемлекеттік және сенімді жеке емханаларға бағытталатынын мәлімдеді. Қосарланған төлемдер салыстырылып, барлық қаржы көздерінің мәліметтері біріктіріледі. Пациенттермен кері байланыс мобильді қосымша арқылы жүзеге асады, - дейді.

Аида Балаева, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі:

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қаржы министрілігіне берілді. Қазіргі уақытта мемлекет басшысы тапсырмасына сай құқық қорғау органдарымен бірлесіп заң және тәртіп қағидаттарына сәйкес тексеру жүріп жатыр. Жеке медицина және білім беру ұйымдарының қаржыландыру механизмдерін қайта қарау бойынша іс шаралар жоспары бекітілді.


Бөлісу