Жаңа Салық кодексіне қатысты ұсыныстар қайта қаралады
Премьер-министр Олжас Бектенов орынбасары Серік Жұманғаринге биыл енгізілген Салық кодексін мүдделі топтармен қайта пысықтауды тапсырды. Кеше Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында Президент Үкіметке қоғам мен бизнес тарапынан түскен ұсыныстарды жинақтап, жан-жақты талдауды жүктеген еді. Бұл жұмысқа «Атамекен» ұлттық палатасы, экономистер мен сарапшылар, сондай-ақ өңірлер белсенді түрде тартылмақ. Нәтижесінде көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстар енгізіледі.
Айта кету керек, жаңа Салық кодексіне қол қойылған күннен бастап бүгінге дейін
1400-ге жуық өтініш келіп түскен. Сұраулардың басым бөлігі салық режимін
таңдау, ұзақмерзімді шарттарды орындау және жаңа нормаларды іс жүзінде
қолдануға қатысты.
Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Жаңа Салық кодексі өзгермейтін қағидалардың жиынтығы ретінде қабылданбауы керек, бұл туралы Президент ерекше атап өтті. Серік Мақашұлы, осыған байланысты сізге жұртшылық пен бизнес тарапынан келіп түскен ұсыныстарды жинақтап, мұқият талдауды тапсырамын. «Атамекен» Ұлттық палатасының өкілдерін, экономистер мен сарапшыларды тарта отырып, жүйелі әрі үйлесімді жұмыс істеу керек. Бүгін Үкіметте осындай алғашқы кездесу өткізесіз.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00