Басты Жаңалықтар Қазақстанда Конституциялық комиссия құрылады

Қазақстанда Конституциялық комиссия құрылады

Сондай-ақ Конституциялық комиссия құрылады. Оның құрамына 100-ден астам азамат кіреді. Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар бар. Комиссияға Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында мәлімдеді. Парламенттік реформа аясында Ата заңның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланған еді. Алайда жұмыс барысында түзетулер саны әлдеқайда көп екені белгілі болды. Сондықтан  Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылданды. Арнайы Жарлыққа ертең қол қоямын, деді Президент. Комиссия барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейдіСодан соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейді.

Арман Ешмұратов, Еуразиялық интеграция институтының департамент басшысы, саясаттанушы:

Алдымызда саяси реформа. Барлығы Қазақстан халқына байланысты. Ертең референдумға келіп, дауыс береді ме, бермейді ме деген сияқты. Негізі адамдарға байланысты. Саяси жүйеміз күрделене басталып келе жатыр. Бұл жерде Сенатты жоққа шығару емес, негізі Парламентаризм институтын дамыту. Парламент өзгереді. Қоғамдық кеңестер де өзгеріп жатыр.


Бөлісу