Басты Жаңалықтар Салық жүйесі сервистік форматқа ауысты

Салық жүйесі сервистік форматқа ауысты

Жаңа Салық кодексі аясында Қазақстан сервистік модельге көшіп жатыр. Яғни мемлекеттік қызметтердің көбі онлайн форматта: мобильді қосымшалар мен банк платформалары және «Салық төлеушінің жеке кабинеті» арқылы көрсетіледі. Мақсат кәсіпкерлерді бақылау емес керсінше, қолайлы жағдай жасау. Соның бірі – нөлдік есептілікті автоматты қалыптастыру. Яғни салық есебі уақтылы тапсырылмаса, жүйе оны өзі жасайды. Мұндай жағдайда бизнес өкіліне айыппұл салынбайды, банк шоты да бұғатталмайды. Сонымен қатар есеп нысандары 30 пайызға қысқарды. Жаңашылдық кәсіпкерге уақыт пен ресурстарды үнемдеуге және салықтық басқаруды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік кірістер комитеті өкілінің айтуынша,  енді ерекше санаттағы азаматтар мен шалғай елдімекенде тұратын жеке тұлғалар үшін Сервистік топтар жұмыс істейді. Олар аталған санаттағы адамдардың үйіне барып, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді. Сонымен бірге, декларация тапсыруға көмектеседі.  Ал салық төлеушілер үшін алдын ала толтырылған декларациялар, жеңіл тіркеу, ескертпелер мен «калькулятор» жүйесі іске қосылады. Бұл сервистер банктердің мобильді қосымшаларына да біріктіріледі.

Думан Қансейітов, ҚМ МКК Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы:

Сервистік модельдің негізгі мақсаты бұл әкімшілендіру жолынан сүйемелдеу жолына көшіп, сервистік модельдің аясында мемлекеттік кірістер органдарының жүйлерінде жаңа жүйелер пайда болады. Мысалы кәсіпкер тіркелген күннен бастап, кәсіпкерлігін жапқанға дейін бүкіл жолы сервистік модель арқылы сүймелденеді.


Бөлісу