Басты Жаңалықтар Құрылтай маңызды бастамаларға ұйытқы болды

Құрылтай маңызды бастамаларға ұйытқы болды

Жиында Президент 4 жылда құрылтай ел өміріне ықпал ететін маңызды бастамаларға ұйытқы болғанын жеткізді. Осы уақыт аралығында ел дамуына серпін беретін реформалар іске асты. Мәселен шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі өткен жылға қарағанда 40 пайызға жуықтаған. Бірақ, жаңа «Салық» Кодексі бизнес қауымдастық тарапынан біраз сынға қалды. Қазір бұл мәселе мемлекет басшысының жіті назарында.

Ерлан Саиров, Мәжіліс депутаты:

Президент Тоқаев егерде осы біздің экномикалық субъектілерге белгілі бір қиындықтар болатын болса онда салықтық кодексті біз өзгертуіміз керек деп айтты. Бұл да естуге қабілетті мемлекеттің формасы.

Әділбек Серікұлы, тілші:

Сондай-ақ елімізде ғылым мен жоғары технологияға қомақты инвестиция тартылып, ерекше басымдық беріледі. Өйткені ғылымсыз өнідіріс дамымайтынын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. «Биыл цифрландыру мен жасанды интеллект жылы құр ұран болып қалмауы керек», - деді Президент. Бұл бүгінде мемлекеттің басты стратегиялық міндеті.    

Мақсат Толықбай, Мәжіліс депутаты:

Иә, қаржыландыру 5 есе көбейді. Бірақ біз дамыған елдердей ЖІӨ 1 пайызын ғылымға жұмсауымыз керек. Президент міндет қойды. Болашақта әлемдік деңгейдегі заманауи орталық зертханалармен үш қалашық ашылады. Үш қалашық.

Әділбек Серікұлы, тілші:

«Заң мен тәртіп» қағидасы да мемлекеттің басты ұстанымы болып қалады. Құрылтайда Президент Шымкенттегі Нұрай есімді бойжеткеннің кісі қолынан қатігездікпен қаза болғаны  ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін жабайы құбылыс деп атады. Және Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметін қатаң сынға алды. Сондай-ақ, елде алаяқтық қылмыстың көбейуі алаңдатарлық жайт. Сондықтан, мемлекет басшысы халықты сан соқтырып, ақшасын алдап-арбап алып жатқан қылмыскерлермен күресті күшейтуге пәрмен берді.


Бөлісу