Трамптың Гренландияны тартып алу жоспарына қарсы мыңдаған тұрғын наразылық акциясына шықты
Гренландия мен Данияның мыңдаған тұрғыны АҚШ президенті Д. Трамптың Гренландияны тартып алу жоспарына қарсы наразылық акциясына шықты.
Д. Трамп Гренландияны басып алу ойын өткенде Венесуэла президенті Н. Мадуроны «алып қашу» операциясынан кейін қайта үдеткен. Кеше осы жоспарына қарсы шығып отырған Еуропа елдерінің тауарларына 10 пайыз жаңа тариф енгізетінін айтты. «Егер Гренландия Америкаға «өтпесе», жазда 25 пайызға көтеремін», – деп қоқан-лоқыға толы сөздерін жазды.
Монро доктринасын бұрып «Донро»-ға айналдырып алған Трамп аптада Украинадағы соғысты аяқтауға кедергі – Зеленский деді. Бұл енді тіпті ащы күлкі де туғызбайды.
Қазір Украинада күн аяз. Киев қана емес, бірнеше қалада түнек. Жылу жоқ. Су да жоқ үйлер бар. Қаңтардың 8-нен 9-на қараған түні Ресейдің жаппай шабуылдарынан кейін энергетикалық инфрақұрылымдар істен шыққан. Киев тұрғындары осы төрт жылда мұндай коллапс болмаған деп отыр. Бірақ Киев тұрғындарының рухы сынбайды. Кешке аулаларда дискотека.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы