Бесқайнар ауылының қоқыс полигонына 347 миллион теңге айыппұл салынған
Талдықорған іргесіндегі Бесқайнар ауылының тұрғындары қоқыс полигонын көшіреміз деген уәде орындалмай жатқанына шағымданды. Айтуларынша жазда өртенген полигон, экологияны бұзған. Ауылдағы ахуалды әріптесім Дамир Нұрмұхамет көріп келді.
Мұндағы қоқыс 6 гектар аумақты алып, тау болып үйіліп жатыр. Ала жаздай жанып бітпегені, жауған қар мен жаңбырға бой бермей түбінен бықсып, түтіні ауаға тарауда. Тұрмыстық қалдықтан шығатын жағымсыз иіс тұрғындарды әбден мезі қылған.
Қоқыс полигоны ауылға тиіп тұр. Ауыл тұрғындары экологиялық ахуал нашарлап барады, дейді.
Өмірхан Тарапбеков, Бесқайнар ауылының тұрғыны:
Полигон деген бәле болды бұл. Түтін түнімен ауылға кіреді дем ала алмайсың.Ала жаздай жанып жатты оны көмді де су төкті де пожаркамен келіп.Өшпейді ол түбіне кетіп қалған.Қанат Бұғыбаев, Бесқайнар ауылының тұрғыны:
Қазірде жанып жатыр. Мына мектепке жақын оның үстіне. Балаларға зияны тиіп жатыр. Кешке қарай әсіресе ауылға түтін қатты кіреді.Экологиялық кодексқа сәйкес, нысанға жылына 5 мың тонна ғана қоқыс төгілуі тиіс. Алайда тексеріс барысында полигонда 10 мың тоннаға жуық тұрмыстық қалдық анықталған. Нәтижесінде экология департаменті әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғап, жауапты мекемеге 347 миллион теңге айыппұл салынғанын айтады.
Ерасыл Бекжанов, Жетісу Облысы бойынша экология департаментінің бас мемлекеттік инспекторы:
Бұл өрт қоқыстардың дұрыс сұрыпталмағаны нәтижесінде болып отыр. Желдің бағытына сәйкес егер ауыл тұрғындарына қарай өтетін болса атмосфералық ауаны ластап сәйкесінше адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізеді.Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес бірқатар шаралар қабылданып жатыр. Ағымдағы жылда қоқыс полигонын ауылдан алыс көшіру жоспарланып отыр, дейді жауаптылар.
Қуаныш Жұмат, Көксу аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
Полигонның орнын көшіру жоспарланып отыр. Біз қазір орнын анықтадық. Дүйсенбі күні әкім қаулысы шығады. Одан кейін мемлекеттік акт алуға өткіземіз. Содан кейін полигонды ары қаратай қолға алатын боламыз.Бесқайнар ауылының 800-ге жуық тұрғыны бар. Ауыл халқы бұл істің шешімі тезірек табылғанын қалайды. Әкімдік қоқыс полигонының орнын ауыстыру туралы қаулы жақын күндері уәкілетті органдарға тапсырылады деп сендірді.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеке мектептерге талап күшейеді
17.01.2026, 20:10
Астанада Талдау мектебінің бесінші маусымы ашылды
17.01.2026, 20:07
Павлодар облысында өрт кезінде екі баласынан айырылған отбасына баспана берілді
17.01.2026, 20:06
Энергетика министрі үшінші жылу электр орталығының құрылысын сынға алды
17.01.2026, 20:02
Иранда жаппай шерулер кезінде қаза тапқандар саны 3090-ға жетті
17.01.2026, 20:01
Ақ Үй Газа секторын уақытша басқаратын кеңес мүшелерінің есімдерін атады
17.01.2026, 20:00
Қазақстанның транзиттік әлеуеті артып келеді
17.01.2026, 19:57
Білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы қаржыландыру жүйесі қайта қаралады
17.01.2026, 19:56