Білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы қаржыландыру жүйесі қайта қаралады
Білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы қаржыландыру жүйесі қайта қаралады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен жан басына шаққандағы қаржыландыру тетіктеріне жан-жақты талдау жүргізілген. Анықталғандай, жекеменшік мектептер мен емханалар саны артқанымен, бюджетке түсетін салмақ көбейіп, қызмет сапасы айтарлықтай жақсармаған. Білім саласында орын тапшылығы сақталып, ал медицинада қосарланған қаржыландыру мен жалған есеп беру деректері тіркелген. Осыған байланысты Үкімет қаржыландыру жүйесін толық цифрландыруды, мемлекеттік тапсырысты өңірлік қажеттілікке сай жоспарлауды және бақылауды күшейтуді көздеп отыр. Алдағы уақытта қаржы тиімді жұмыс істейтін және сапалы қызмет көрсететін ұйымдарға бағытталады. Аида Балаеваның айтуынша, басты мақсат – бюджет қаражатының әділ, ашық әрі халық игілігіне қызмет етуін қамтамасыз ету.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы