Басты Жаңалықтар Жетісуда 25 ірі инвестициялық жоба жүзеге асты

Жетісуда 25 ірі инвестициялық жоба жүзеге асты

Жетісу облысына өткен жылы 600 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Нәтижесінде өңірде 25 ірі жоба жүзеге асты. Президент 2029 жылға дейін елімізге 150 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция тарту көзделгенін айтқан еді. Жалпы сомасы 86 миллиард доллардан асатын 200-ге жуық ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылуы тиіс. Облыстағы бизнес ахуал жайлы тілшіміз баяндайды.

Дамир Нұрмұхамет, тілші:

Кәсіпорын электр желілеріне қажет сымдар мен тростарды бекітуге арналған аспалы арматура шығарады. Осындай дайын өнім еліміздің барлық өңіріне жөнелтіледі. Өндіріске 1 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған.

100-ден астам түрлі электр жабдығын шығаратын кәсіпорын отандық шикізатқа басымдық беріп, импортты алмастыруға үлес қосып келеді. Мұнда 50-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарда бар.
Ахмедияр Кәрім, өндіріс менеджері:
Болашақта өнімдерімізді шетелге тасымалдау ойымызда бар.
Былтыр жүзеге асқан инвестициялық жобалар энергия көзін жаңартып, туризм және ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған. Мыңнан аса тұрғын жұмысқа тұрды. Аймақта жеке инвесторлардың да үлесі артып келеді. Ашылған кәсіпорындардың дені облыс орталығында орналасқан.
Дәурен Қайнаров, Талдықорған қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімінің сектор меңгерушісі:
Аталған жобалар аясында қала экономикасының 20-25 млрд теңге инвестиция тартылып, 480 жаңа жұмыс орны ашылды. 2026 жыға 2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Өңірде агроөнеркәсіпке өткені жылы 25 млрд теңге инвестиция тартылды. Нәтижесінде саладағы өнім көлемі үш пайызға өсті. Биыл жыл соңына дейін ауыл шаруашылығында тағы 23 маңызды жоба іске асады деп межеленіп отыр.


Бөлісу