Басты Жаңалықтар Қазақстан дипломы шетелге де жарайтын болды

Қазақстан дипломы шетелге де жарайтын болды

Енді Қазақстандағы жоғары оқу орнын бітірген мамандар шетелде ешқандай кедергісіз жұмыс істей алады. Нақты географиялық картасын айтар болсақ: Азия-Тынық мұхиты өңірінің елдерінде. Сенат «Жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы» заңды мақұлдады. Құжат студенттер мен оқытушылардың академиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді дейді жоғары палата төрағасы. Талқылау барысында заң еліміздің халықаралық аренадағы ұстанымын одан әрі нығайтуға, Қазақстан мен Орталық Азияның білім беру жүйелерінің интеграциясын тереңдетуге ықпал ететіні айтылды. Академиялық және кәсіби ұтқырлықты кеңейтумен қатар дипломдарды, оқытушының ғылыми дәрежесі мен өзге де біліктілігін тану рәсімі айтарлықтай жеңілдейді.

Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:

Қаралған құжат тараптар арасында жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Атап айтқанда, Конвенцияның ережелері оған қол қойған елдер арасында біліктіліктің ашық және уақтылы бағалануын қамтамасыз етуге бағытталған. Заңның мақұлдануы оған мүше мемлекеттер арасында серіктестікті одан әрі нығайтуға, сондай-ақ, еліміздің білім беру жүйесінің беделін арттыруға оң септігін тигізеді деп сенеміз.


Бөлісу