Басты Жаңалықтар Мемлекеттік қызметтерді чат-бот арқылы алуға болады

Мемлекеттік қызметтерді чат-бот арқылы алуға болады

Енді қазақстандықтар анықтама алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, «eGov AI» деп аталатын ақылды чат-боттың көмегіне жүгіне алады. eGov.kz порталы, eGov Mobile мобильдік қосымшасы мен e-Otinish сияқты негізгі электрондық сервистерге жасанды интеллект енгізілді. Пайдаланушылар сұрағын ботқа түсінікті етіп жазса, қажетті анықтама немесе қызметті қалай алуға болатын түсіндіріп, сілтемесін де жібереді. Бұл қызмет көрсету жылдамдығын арттырып қана қоймай, сапаны жақсартуға, өтінім беру процесін жеңіл әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік береді. Қағазбастылықтан да арылтады. Жалпы, жасанды интелектінің арқасында интернеті бар ауыл тұрғындары негізгі қызметтерді аудан орталығына бармай-ақ, онлайн форматта ала алады. Министрлік өкілінің айтуынша, алдағы уақытта мемлекеттік қызметтерге бірден қолжеткізуге мүмкіндік беретін платформа іске қосылады.

Әсем Исабекова, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сыртқы коммуникациялар бағытының жетекшісі:

Алдағы уақытта AlemGPT Мемлекеттік қызметтерді алу үшін бірыңғай «кіру нүктесі» болатын платформасын енгізу жоспарланған. Бірінші кезекте диалог форматында азаматтар мен бизнес үшін ең сұранысқа ие қызметтер пайда болады. Негізгі анықтамалар мен үзінді көшірмелерден бастап бүгінгі күні бірнеше бөлім мен жүйелер арасында ауысуды талап ететін өтініштерге дейін.


Бөлісу