Елімізде мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді
Оқу-ағарту министрі мектеп директорларын «2+2» жүйесімен тағайындауды ұсынды. Енді басшылар алдымен екі жылға тағайындалады. Егер осы мерзімде білім сапасы, оқушылардың нәтижесі, қауіпсіздік пен мұғалімдердің біліктілігі бойынша оң көрсеткіштер тіркелсе, қызметі тағы екі жылға ұзартылуы мүмкін. Айта кету керек, қазір директорлар төрт жылға тағайындалады. Алайда кейбір мектептерде басшылардың 10 жылдан астам ауыспай отырғаны анықталған. Жаңа бастама басқару сапасын арттырып, мектептердегі жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік береді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16
Almaty SuperSki жобасына қызығушылық жоғары
09.10.2026, 20:16