СҚО-да 18 өзбекті құтқарды
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Түменнен Бішкекке бара жатқан автобус бұзылып, 18 адам құтқарылды.
Қоғамдық көліктің салонындағы автономды жылыту құрылғысы істен шыққан. Теріскейде қыс қаһарына мініп тұр. Бүгін термометр бағаны -32 градусқа дейін төмендеді. Шақыртуға дер кезінде жеткен құтқарушылар жолаушыларды Мамлютка қаласындағы эвакуациялық пунктке, ал автобусты жөндеу бекетіне жеткізді. 18 адамның барлығы Өзбекстан азаматтары. Әзірге облыс аумағындағы жолдарда шектеу жоқ. Синоптиктер болжамынша теріскейде әлі бірнеше күн аяз болады. Дауылды ескерту жарияланды.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16