Басты Жаңалықтар Президент «Qazaqgaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Президент «Qazaqgaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады. Президентке компанияның былтыр атқарған жұмыстары мен газ саласындағы негізгі жобалар таныстырылды. Өткен жылы 112 елді мекен газға қосылып, 400 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді. Талдықорған – Үшарал газ құбыры мерзімінен бұрын іске қосылып, Жетісу облысындағы газдандыру деңгейі 76 пайызға жетті. Сондай-ақ «Бархан» газ кен орны пайдалануға берілді. Қазір «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі мен Қашағанда газ өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. Кездесу соңында Президент тұрғындар мен өндіріс ошақтарын газбен тұрақты қамтамасыз ету, саланы цифрландыру және ресурстық базаны нығайту бойынша бірқатар тапсырма берді.

Әлібек Жамауов, «Qazaqgaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

Біздің басты мақсат халықты газбен үздіксіз қамтамасыз ету. Осы орайда біз барлық міндетті орындап жатырмыз. Президентке геологиялық барлау және газ қорын кеңейту бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат бердім.


Бөлісу