Басты Жаңалықтар Қызылорда облысында 110 отбасы мемлекеттен үй алды

Қызылорда облысында 110 отбасы мемлекеттен үй алды

Қызылорда облысында әлеуметтік осал топтағы 110 отбасыға мемлекеттік бағдарламамен баспана берілді. Тұрғын үйге қол жеткізген жандардың барлығы ауыл-аймақтан. Жаңақорған ауданында 80 пәтерлі 40 үйдің кілті табысталды. Игі жобаға 1,5 миллиард қаржы бөлінген. Жаңа баспаналар көпбалалы және мүгедек баласы бар отбасылар мен басқа да мемлекет қолдауына зәру жандарға берілді. Жалпы соңғы үш жылда ауданда тұрғын үй кезегіндегі 250-ден аса жанұя жаңа қонысқа ие болған. 

Сұлухан Ақшалова, көпбалалы ана:

Мен 2014 жылы шілде айында кезекке тұрғанмын. Көпбалалы ана ретінде. Осы күнге 11 жыл болды күтіп, бүгін қолымыз жетіп отыр. Қуаныштымыз.

Ал Шиелі ауданында 30 отбасы қоныс тойын тойлады. Ұзақ жылдар бойы осы күнді күткен әлеуметтік осал топтағы жанұялар жаңа жылда қуанышқа бөленіп отыр. Баспана тауқыметін көріп келген жандарды тұрғын үймен қамтуға қазынадан 450 миллион теңге қаралған. Президент бастамасымен қолға алынған игі бағдарлама әлі де жалғасын таппақ.


Бөлісу