Басты Жаңалықтар Калифорниялық компания тоқпен жүзетін қайықтар өндіре бастады

Калифорниялық компания тоқпен жүзетін қайықтар өндіре бастады

Тоқпен жүзетін қайық
Бұл тоқпен жүзетін Arc Sport EV қайығы. Оны Калифорнияда құрылған стартап жасап шыққан. Су электр көлігінде 500 аттың күші бар. Толық заряды бар қайық суда 6 сағатқа дейін жүзеді. Оны бір түннің ішінде қуаттауға болады. Arc Sport EV қайығының бастапқы құны – 268 мың АҚШ доллары. Компания өкілдерінің айтуынша, электр қайығын қолдану жанармай құйып жүретін басқа да су көліктеріне қарағанда тиімді.
Митч Ли, ARC компаниясының бас директоры:

Бұл қайықтан алатын әсер ерекше. Ол жылдам әрі артық дыбыс шығармайды. Қозғалтқыштан шығатын түтін мен иіс жоқ. Ал күш-қуаты мол. Мұнда бар қызметтің бәрі бір бағдарламада. Бұдан бөлек, қайықты күтіп-бағу әлдеқайда оңай.
Тырнақты әп-сәтте 400 түске бояуға болады

Енді сұлулық салонына бармай-ақ, тырнақты сан түрлі түске әп-сәтте бояуға болады. iPolish компаниясы ұсынған жапсырма тырнақтар ақылды. Небәрі бес секундта олардың реңі 400 рет өзгереді. Технология электрофоретикалық нано-полимерлердің көмегімен жұмыс істейді, смартфондағы қосымша арқылы басқаруға болады. Дегенмен кейбірі бұл тырнақтарға күмәнмен қарайды. Себебі оның қаншалықты төзімді болатыны белгісіз. Құны 95 доллар болатын өнімге алдын ала тапсырыстар қабылдана бастады.

Samsung ЖИ бар құрылғылар санын екі есе арттырады
Биыл Samsung жасанды интеллектіcі бар мобильді құрылғылар санын 800 миллионға дейін жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы компанияның тең құрылтайшысы хабарлады. Samsung құрылғыларындағы жасанды интеллект функциялары Google-дың Gemini жүйесіне негізінде жұмыс істейді. Бұл Gemini-дің ЖИ нарығындағы орнын бекіте түспек.




Бөлісу