Солтүстік пен шығыста аяз болады
Қыс қаһарына мінді. Осы аптада еліміздің солтүстігі мен шығысында ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендеп, аяз болады. Синоптиктердің болжамынша, басқа аймақтарда да айтарлықтай күн суытады. Кей жерлерде екпінді жел соғады. «Қазгидромет» мамандары Астанада алдағы күндері метеожағдайдың қолайсыз болатынын айтып отыр.
Асылбек Данияр, тілші:
Қазір аяз басталған сияқты. Сынап бағынасы -9 градусты көрсеткенімен 18 градустай сезіледі. Күні бойы толассыз жауған қардың әсері болса керек-ті көшеде кептеліс. 2ГИС қосымшасы көлік қозғалысы бойынша 9 балды көрсетіп тұр.Сонымен бірге, «ҚазАвтоЖол» өкілдері Астана-Павлодар бағындағы жолдың жабылғанын хабарлады. Ал қалалық полицейлер таңнан бері 170-тен астам жол апаты болғанын айтады. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жылдамдықты артырмауды, маневр жасамауды ескертеді. Жаяу жүргіншілерге жол ережелерін сақтап, жол белгілері бар жерден өтуге кеңес береді.Жалпы, бүгін елордаға ұшып келетін 6, Астанадан басқа қалаға ұшатын екі рейстің ұшу уақыты кешіктірілді. Бұдан бөлек, екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары сабақты қашықтан оқыды.«Қазгидромет» өкілдері апта соңына дейін аяз болатын хабарлады. Кей күндері қар жауып, боран соғады. Сынап бағынасы түнде 34, күндіз 22 градусқа дейін дейін төмендейді.Төтенше жағдай мамандары тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырды. Құтқару қызметінен яғни 112 нөмірінен келетін SMS хабарламаларды ұдайы қадағалап отырған жөн, дейді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балалар спортына бөлінетін қаржы көлемі көбейеді
02.03.2026, 20:58
Роботтар неміс делегациясына шоу көрсетті
02.03.2026, 20:57
«Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасып жатыр
02.03.2026, 20:38
Жаңа Конституция жобасы – әділетті қоғамның кепілі
02.03.2026, 20:18
Президент жаңа Конституция жобасының мәтінімен жеке өзі жұмыс істеген
02.03.2026, 20:16
Жаңа Конституция жобасы - халықтық құжат
02.03.2026, 20:13
Маңғыстау облысында ауызсу мәселесі толық шешілді
02.03.2026, 20:11
Жаңа Конституция жастардың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді
02.03.2026, 20:10