Қызылорда облысының Мергенсай ауылында мектеп ашылды
Қызылорда облысы, Арал ауданының Мергенсай ауылында жаңа мектеп ел игілігіне берілді. 150 орындық білім ордасы мемлекетке қайтарылған активтердің есебінен салынды.
Ашылу салтанатына Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, көптің қуанышына ортақтасты. Жалпы Мергенсай теңіз беткейдегі шалғай елді мекен. Бұған дейін ауыл балалары асар әдісімен салынған көне ғимаратта білім алған. Тұрғындардың көптен күткен талап-тілегі орындалып, жаңа жылда заманауи екі қабатты мектеп пайдалануға беріліп отыр. Білім ошағы «Келешек мектеп» үлгісінде салынған. Сыныптар оқу процесіне қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтылған.
Жұлдыз Сүлейменова, Оқу-ағарту министрі:
Бұл мектептің ерекшелігі – жалпы қайтарылған қаржыға салынған мектеп, біріншіден. Екіншіден, «Келешек мектебінің» стандартымен салынған мектеп. Шалғай ауылдарымызда осындай халықаралық талаптарға сай мектептердің болуы бұл білімнің сапасын арттыруға негізгі көрсеткіштердің бірі.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ұлыбританияның ыдырауы мүмкін бе?
17.09.2026, 19:48
АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемені өсірді
17.09.2026, 19:46
Ұрпағын аялай білген халық іргелі жұртқа айналатыны белгілі
17.09.2026, 18:17
Оралда тәрбиелік-спорттық іс-шара өтті
17.09.2026, 17:25