Лотереяны заңсыз ұйымдастырған 121 жеке тұлға жазаланған
Әлеуметтік желіде көпшілікке танымал инфлюенсер Қайсар Қамзаға іздеу жарияланды. Ол Қазақстанда тыйым салынған құмар ойындарын жарнамалады және онлайн-лоторея өткізді деген күдікке ілінген. Былтыр елімізде осындай айыппен жүзден астам жеке тұлға жазаланған еді. Сонымен ережені елемей, заңды белшесінен басқандарға қандай жаза қарастырылған? Тілішіміз Нұрсұлтан Тілектес біліп көрді.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Өткен жылы Қазақстанда әлеуметтік желілер арқылы заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған 121 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті хабарлады. Ведомствоның дерегінше, заң бұзғандар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған. Яғни 432 мың теңге айыппұл арқалаған. Алайда жауапқа тартылатынын біле тұра ережені елемейтіндер көп. Мәселен контенттері үнемі шетелде түсірілетін, танымал блогер Қайсар Қамза құмар ойындарын жарнамалады және онлайн-лоторея өткізді деген күдікке ілініп, іздестіріліп жатыр. Айта кету керек, заңға бағынбаған жеке тұлғалар 100, ал шағын кәсіпкерлер 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Бір жыл ішінде осындай құқық бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері жеке тұлғаларға 200, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 750 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтан түскен табыс толықтай тәркіленеді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16