Мәжіліс депутаттары аутизм мәселесіне алаңдауда
Парламент Мәжілісінің депутаттары Көкшетауда жаңадан ашылған аутизмге шалдыққан балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты.
Халық қалаулылары аутизмге шалдыққан балалардың болашағына алаңдаушылық білдірді. Себебі, Ақмола облысында осы диагноз қойылған балалардың саны 800-ден асады, ал мемлекеттік орталық біреу ғана. Оның өзі 30 балаға шақталған. Орталық мамандары ерекше балаларды әлеуметтендіру, бейімдеу және олардың коммуникациялық дағдыларын дамытумен айналысады. Дегенмен, орталықта бір балаға тек 3 ай ғана тегін қызмет көрсету көзделген. Күнделікті дамытуды қажет ететін ерекше балалар үшін бұл аздық етеді,-дейді мамандар. Сондықтан депутаттар алдағы уақытта қызмет көрсету түрлерін кеңейтіп, қаржыландыру мәселесін көтеретіндерін айтты. Мамандар тапшылығы мен ерте диагностикалау мәселесі де назардан тыс қалмайды, - деді.
Наталья Дементьева, Мәжіліс депутаты:
Өз басым «Аманат» партиясының әйелдер қанатының мүшесі болып инклюзия қанатының төрайымы болып, инклюзиямен айналысып жүрмін. Біздің мақсатымыз, мемлекет тарапынан қаржыландыруды тағы да қарастыру. Сол үшін біз осы аутизм орталығының мамандарымен келісе отырып, мұғалімдерімен келісе отырып, олардан ұсыныстарды алып, үкімет мүшелеріне жеткіземін. соны жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы