Басты Жаңалықтар Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті

Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті. Президент өкімімен құрылған жұмыс тобының алғашқы жиыны былтыр 14 қазанда өткен. Дәл сол күні Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаматтардың ұсыныстарын жинақтау мақсатында e-Otinish платформасы мен eGov сервисінде «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі ашылған. Желтоқсанда өткен екі отырыста халықтан, сарапшылар қауымдастығынан түскен ұсыныстар жан-жақты талқыланған. Бұл жолғы отырыстың негізгі тақырыбы болашақ парламенттің басқа да билік институттарымен өзара іс-қимыл мәселелеріне және бір палаталы жаңа Парламенттің атауын қарастыруға арналды. Жиын қорытындысы бойынша жұмыс тобының жетекшісі – Мемлекеттік кеңесші келіп түскен ұсыныстардың барлығын жинақтап, жан-жақты талдауды тапсырды.

Бөлісу