Басты Жаңалықтар Энергетикалық және коммуналдық нысандар жаңғыртылып жатыр

Энергетикалық және коммуналдық нысандар жаңғыртылып жатыр

Елімізде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту қарқыны күшейді. Соның нәтижесінде қауіпті жағдайда тұрған жылу электр станцияларының саны азайған. Десе де, тозығы жеткен нысандар әлі де көп. Тиісті министрлік өкілдерімен тілдескен тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес толықтырады.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Алдағы 5 жылда энергетикалық және коммуналдық салада 200 нысан жаңғыртылады. Сондай-ақ 86 мың шақырым инженерлік және электр желілері қайта жаңаланады. Соңғы үш жылда энергетикалық кәсіпорындарды күрделі жөндеуге 900 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылған. Мемлекет басшысы бұл жұмыстың қарқынын бәсеңдетпеу керектігін нақты тапсырды.
Сұңғат Есімханов, Энергетика вице-министрі:
Электр мен жылу желілерінің тозуын, технологиялық бұзушылықтарды азайтып, апаттық жағдайларды азайтып тиісті, сапалы қызмет көрсету. 00:42 Қысқаша айтсақ осы жылу желілер секторына алдағы 5 жылда 1,3 млрд қаражат бөлу жоспарланып отыр. Электр желілеріне 2,5 трлн теңгеден астам. Ол ұлттық желілерді алмағанда.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Соңғы жылдары электр стансаларын жөндеуге бағытталған капиталдық инвестициялар көлемі 20 пайызға артты. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының арқасында тозған жылу электр орталықтарының саны азая бастады. Бүгінде Кентау, Риддер және Екібастұзды қоса алғанда 9 энергетикалық нысан қауіпті «қызыл» аймақтан шығарылды.
Арман Қашқынбеков, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры:
Бірқатар жаңа қуат көздері іске қосылды. Ұлттық жоба аясында 2029 жылға дейін электр желілерінің тозуын 74 пайыздан 45 пайызға дейін төмендету көзделген. Бұл жоспар сәтті жүзеге асатынына күмән жоқ. Өйткені жұмсалатын қаржыны мемлекет бөледі. Одан бөлек инвестициялар тартылып жатыр.
Дегенмен Президент тек инфрақұрылымды қалпына келтіру жеткіліксіз екенін, бұл салада жұмыс тәсілін түбегейлі өзгерту қажет екенін атап өтті. Өйткені жылдар бойы жүйелі жаңғыртусыз келген коммуналдық сектор бюджет қаржысына тәуелді болып қалды. Сондықтан ең алдымен осы мәселені шешу қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Үкімет энергетикалық және коммуналдық нысандарды жаппай жаңғырту жұмыстарын қолға алды. Ұзындығы жүздеген шақырым болатын инженерлік және электр желілерін салу қажет. Қазір осы ауқымды жобаның есеп-қисабы әзірленіп жатыр. Қабылданған шаралардың нәтижесі көріне бастады. Қауіпті «қызыл» аймақта тұрған жылу электр станцияларының саны 19-дан 10-ға дейін азайды. Нысандардың апаттық жағдайға тап болу қаупі төмендеп келеді.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Инфрақұрылымды жаңарту қомақты қаражатты талап етеді. Осыған байланысты тариф саясатын қайта қарау мәселесі туындап отыр. Президенттің айтуынша, тарифтердің жасанды түрде төмен болуы ең алдымен қарапайым азаматтарға емес, ірі кәсіпорындарға және қалталы азаматтарға тиімді болды. Сондықтан «кім қанша тұтынса, сонша төлейді» қағидатына негізделген әділ тариф жүйесіне көшу көзделіп отыр. Бұл – экономикаға серпін беретін маңызды қадам.


Бөлісу