Әйелін азаппен өлтірген қылмыскер 14 жылға сотталды
Талдықорғанда әйелін азаптап өлтірген Айбар Жанболат 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірнеше айға созылған сот отырысының жай жапсарын әріптесім Дамир Нұрмұхамет жеткізеді.
Дамир Нұрмұхамет, тілші:
Сот Айбар Жанболаттың мас күйде қылмыс жасағанын негізге ала отырып, оны 14 жылға темір торға тоғыту туралы үкім шығарды. Кеше прокурор судьядан айыпталушыны 15 жылға қамауды сұраған еді. Алғашында іс «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру» бабымен тіркелген. Алайда марқұмның ата-анасы мен қоғамның талап етуінен кейін іс қайта сараланып, қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі, яғни «Адам өлтіру» фактісі бойынша қаралды.
Еске салсақ, қайғылы жағдай 2025 жылдың маусым айында Баласаз ауылында болды.
Бастапқыда Айзат Жұманованы күйеуі Айбар Жанболат екіге толмаған қызының
көзінше атпен сүйреп өлтіргені айтылды. Алдын ала тыңдауда прокурор Нұрлан
Билібековтің сөзінше, сотталушы 22 маусым күні масаң күйде әйелі Жұманованы
есінен танғанша ұрып-соққан. Артынша өзі облыстық ауруханаға жеткізген. Алайда
32 жастағы Айзат Жұманова жансақтау бөлімінде көз жұмды. 14 жылға сотталған қылмыскер
орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде жазасын өтейді. Сонымен қатар
сотталушыдан жәбірленуші тарапқа 20
миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуі тиіс.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06