Басты Жаңалықтар Тұрғын үйге зейнетақы қорынан қаражат алу 3 есе өсті

Тұрғын үйге зейнетақы қорынан қаражат алу 3 есе өсті

Баспанаға зейнетақы қорынан қаражат алу үш есе өсті. Өткен жылдың желтоқсан айында тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында салымшылардың 339 мың өтінімі орындалып, жалпы сомасы 221 млрд теңгені құрады. Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, бұл қараша айымен салыстырғанда 3 есеге артқан. Ал тұрғын үй құрылыс жинақтарындағы салымды толықтыруға 182 мың өтінім түсіп, қарашамен салыстырғанда 4 есе өсті. Бұған «Отбасы банкінің» жыл соңында берілетін мемлекеттік сыйақыны есептеу кезінде желтоқсанның аяғына дейін салынған қаражаттың ескерілетіні де себеп болуы мүмкін. Ипотека бойынша берешекті ішінара өтеу сияқты маңызды бағыттар да еселеп артқан. Сондай-ақ емделуге зейнетақы жинағын алу жағдайы көбейді. Мәселен, өткен айда радиохирургиялық емдеу әдістерін төлеу мақсатында 7 мыңнан аса өтінім орындалды. Елде 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегінің жаңа мөлшері жарияланды. Екі жылда алғаш рет көтерілген бұл шек 1 қаңтардан бастап орта есеппен 10%-ға өсті.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту - 339 мың өтінім (4 есе өсті);

Тұрғын үй құрылыс жинақтарын толықтыру - 182 мың өтінім (3 есе өсті). 


Бөлісу