Өңірлерде жатақхана тапшылығы толық шешілді
Алматыдан басқа Қазақстанның барлық өңірінде жатақхана тапшылығы мәселесі толықтай шешілді. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деді. Оның айтуынша, соңғы 4 жылда 70 мың орындық студент үйі салынған. Олардың арасында ең ірілері Петропавл мен Астана қаласында бой көтерген. Сондай-ақ, соңғы жылдары Президенттің тапсырмасымен жас ғалымдарға 200 пәтер бөлінген, биыл оның 100-ден астамы қолданысқа берілген. Одан бөлек енді жоғары оқу орындарымен бірігіп жоба жасаған, ғылыми ізденістер жүргізген жеке компанияларға салықтық жеңілдіктер жасалмақ. Ол үшін арнайы заң қабылданған. Астана тұрғындарымен кездесіп, саланы дамыту мәселелері туралы есеп берген министр жуырда Қазақстанда Жапонияның алдыңғы қатарлы университеттерінің филиалдары ашылатынын да хабарлады.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
«Рицумейкан» деген ТОП-20-ға кіретін мықты, жас болса да зертреуші университетпен келісімге қол қойылды. Келесі жылы келеді және тұңғыш жапондық университеттің филиалы ашылады. Қаласы әлі белгісіз олар келген соң бәрін көрсетеміз. Жалпы, 40-қа жуық келісімге қол қойылды. 33 мықты филиал жұмыс істеуде Қазақстанда. Қазір міне кездесу өткізген Кардифф университетінің филиалы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы