Жетісу облыстық ҚХА 30 жылдық мерейтойын қорытындылады
Бір шаңырақ астында. Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылдық мерейтойын қорытындылады. Айтулы дата аясында «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты кітаптың тұсауы кесілді. Бүгінде Жетісу облысында 70-тен астам ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Өңірде 22 этномәдени бірлестік пен 12 құрылым тұрақты жұмыс істейді. Аймақта 13 ұлттық жоба аясында жүйелі жұмыстар жүзеге асып жатыр. Сондай-ақ ұйымдастырылған шараның екінші бөлімінде «Оқылмаған хаттар» көркем фильмі көрсетілді. Фильм бірлік пен татулық, адамгершілік құндылықтарды арқау етеді. Қазір кинотуындыны үлкен прокатка шығару мәселесі қарастырылып жатыр.
Дина Қалбаева, көрермен:
Жыладық. Жас алдық көзімізге. Жақсы болды. Осындай кинолар көп болсын. Өзіміздің қазақ елінің кинолары жақсы осындай. Барлық ұжымға рахмет айтамын. Керемет түсірілген.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Чемпион» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартады
29.10.2026, 10:11
Диалог алаңы: 120 мектептің мұғалімдері әсер қалдырған кітаптарымен бөлісті
29.10.2026, 10:10
Робототехника және STEM чемпионаты өтті
29.10.2026, 10:08
Конституциялық реформа әлеуметтің әлеуетін арттырады
29.10.2026, 10:06
Тұрғындар пікірі: Жолдауда ел дамуының жаңа бағыттары айқындалды
29.10.2026, 10:05
Инфрақұрылымды жаңғырту – ел дамуының жаңа белесі
29.10.2026, 10:04
Үкіметте әр министрлік жолдау тапсырмаларын орындау жоспарын ұсынды
29.10.2026, 10:03
Қазақстан қоғамдық қауіпсіздік деңгейі бойынша әлемдегі үздік 50 елдің қатарына енді
29.10.2026, 10:02