СҚО-дағы барлық ауданда креатив орталықтар ашылады
Солтүстік Қазақстан облысының барлық ауданында креатив орталықтар ашылады. Алғашқылардың қатарында Есіл ауданының Явленка ауылында жаңа нысанның тұсауы кесілді. Сенат депутаты Әсем Рахметова орталықтың жұмысымен танысты. Ғимарат ұлттық стильде безендірілген. Коворкинг, робототехника, дрон, жасанды интеллектіні меңгеру, стартап жобаларды дамыту алаңы мен медиастудия бар. Кабинеттер заманауи жабдықтармен қамтылған. Сонымен қатар сенатор әлеуметтік сала мамандарымен кездесіп, 2025 жылы атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Тұрғындардан түйткілді мәселелер жайында сұрап, ұсыныстарын тыңдады.
Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Мемлекет басшысының тапсырмасымен кретивті индустрияны дамытуға тапсырма берілген болатын. Бұл бағытта қазір заңнамалық тұрғыда, өзге де тұрғыда жұмыстар атқарылып жатыр. СҚО-да креативті орталық өткен жылы ашылып, көзге түскен орталықтардың бірі болатын. Енді сонымен облыс тоқтап қалмай, аудандарға барып жатыр.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16