Басты Жаңалықтар Қосшыда 60 отбасы баспаналы болды

Қосшыда 60 отбасы баспаналы болды

 Жаңа жыл қарсаңында елорда іргесіндегі Қосшы қаласындағы 60 отбасы баспаналы болды. Сөйтіп, Ақмола облысы «Отбасы банкінің» жаңа жүйесі бойынша тұрғын үйді бөлуге кіріскен алғашқы өңірлердің бірі атанды. Пәтерлердің 70 пайызы көпбалалы отбасыларға және әлеуметтік осал топтың өкілдеріне берілді. Жалпы, соңғы екі жылда Қосшыда шамамен 800 мұқтаж отбасы жайлы баспанамен қамтылды.

Перизат Нұржанова, көпбалалы ана: 

Әсерім керемет, сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Шыны керек, осы сәтті қанша күттік қой халық болып. Үйсіз жүрген көпбалалы аналар көп. Солардың қатарында мен де бар едім. Бүгінгі қуанышыма орай кілт алып, қуанып жатқан жайым бар. Көп рахмет деймін. Қосшымыз көркейе берсін, өркендей берсін.
 


Бөлісу