Басты Жаңалықтар Ақмола облысында ұлттық жоба аясында 38 медициналық нысан салынды

Ақмола облысында ұлттық жоба аясында 38 медициналық нысан салынды

Ақмола облысында жыл басынан 38 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді. Олардың құрылысы «Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асты.

Тек Шортанды ауданында соңғы екі жылда осымен 4-ші медициналық нысан халық игілігіне берілді. Пригородное ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт көршілес екі ауылды қоса алғанда барлығы 1500 тұрғынға қызмет көрсетуге қауқарлы. Нысан мемлекетке қайтарылған заңсыз активтер есебінен салынды және заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, цифрлық техникамен толық қамтылған. Алдағы жылы Шортанды ауданында осындай тағы 3 фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарланып отыр. Сөйтіп, ұлттық жоба аясында өңірдегі 75 мыңнан астам ауыл тұрғынына сапалы медициналық қызмет қолжетімді болмақ.

Күләш Қапезова, ауыл тұрғыны:

Бұрын мына саусақтан қан тапсыру үшін Андреевкаға, Шортандыға жіберетін. Ал енді біз қартайған адамдар бәріміз жүре бермейміз, жататындар да бар, отыратындар да бар. Ал енді өзіміздің ауылда ашылған ауруханаға неге келмейміз? Мен осында күнде келем. Қан қысымым бар, анау-мынау ауруларым бар.  Емханамыздың ашылғаны құтты болсын!


Бөлісу