Басты Жаңалықтар «Көкшетау» ұлттық паркінде жабайы жануарлар саны бір жылда 20 пайызға көбейген

«Көкшетау» ұлттық паркінде жабайы жануарлар саны бір жылда 20 пайызға көбейген

«Көкшетау» ұлттық табиғи паркінде жабайы жануарлардың саны бір жылда шамамен 20 пайызға көбейген. Бұл өсім айрықша қорғалатын орман аумағында аңшылықтың барлық түріне қатаң тыйым салумен байланысты, - дейді орман шаруашылығының мамандары. Соңғы 9 жылда мемлекеттік парк аумағында бірде-бір браконьерлік іс те тіркелмеген.

Ұлттық парк фаунасы әр алуан. Тек омыртқалы жауарлардың 300-ге жуық түрі бар. Орманшылар қыс басталғалы жабайы жануарларды азықпен қамтамасыз етуді қолға алды. 10 күнде бір рет арнайы азықтандыру алаңдарына жапырақты бұтақтар ілініп, шөп пен жем әкелінеді.

Жангелді Курсарин, мемлекеттік инспектор:

Қарашадан бастаймыз, 10 күнде бірнеше рет таратып тұрамыз, жем, шөп деген сияқты. Аңдарға жапырақтарды шығарып тұрамыз. Қазір қар қалыңдап жатыр, аңдар сол келіп тұрады, тамақтарын жеп үйренген жерге келіп тұрады. Осындай жер бізде 40 шақты осындай бар. Сол жерлерге аңның өздері біледі, аязды күні жиналып келіп отырады.

Бүгінде мемлекеттік парк аумағында шамамен 831 бұлан, 700-ден аса бұғы, 5 жарым мың елік және 2 мыңға жуық қабан тіркелген. Мемлекеттік инспекторлар көктем сайын жабайы жануарлардың есебін жүргізіп тұрамыз,-дейді.

Владимир Светличный, мемлекеттік инспектор:

Ұлттық парк аумағында аңшылыққа тыйым салынғалы бірде-бір браконьерлік тіркелген жоқ. Жұмысымыз орманды ғана емес, орман тағыларын да қорғау. Сондықтан оларға әрдайым қамқоршы болып, есебін де жүргіземіз. Әзірге қар қалың емес. Сонда да олардың аш қалмауы үшін қоректерін дайындап қоямыз. Зеренді филиалы биыл 63 тонна шөп, 21 мың дана жапырақты бұтақ дайындадық, сондай-ақ жем сатып алынды.

«Көкшетау» ұлттық табиғи паркінің аумағында дала тағыларын азықтандыратын 200-ге жуық арнайы алаң жасақталған. Бұл олардың қыстан аман шығуын қамтамасыз етеді, әрі жануарлардың популяциясын сақтауға да оң ықпалын тигізіп отыр.


Бөлісу