Басты Жаңалықтар Жаркент мектебінде кәсіби бағдар беретін жоба іске қосылды

Жаркент мектебінде кәсіби бағдар беретін жоба іске қосылды

Жаркент қаласының орта мектебінде оқушыларға кәсіби бағдар беретін жоба іске қосылды. Интеллектуалдық және шығармашылық бағытты қамтыған бастама «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылуда. Мектепте кәсіби бағыттағы 42 жоба бар. Оған бастауыштан жоғары сыныптарға дейінгі барлық оқушы қатысады. Қатарында театр, өнер, дизайн және ғылыми-зерттеу бағыттары бар. Сондай ақ оқушылар үш тілде сахналық қойылымдар қойып, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Қазір балалар қытай және түрік тілдерін меңгеруде. Бұдан бөлек, білімгерлер табиғи өнімдерді зерттеп, тігін және қолөнер бұйымдарын жасауды үйренеді. Жасалған өнімдер көрмеде сатылып, түскен қаражат әлеуметтік қолдауға бағытталады.

Назерке Нұрмұханова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Қазіргі таңда оқушыға кәсіби бағыт-бағдар берудің маңызы жоғары. Бұл тек баланың маман иесі болып қалыптасуына ғана емес, еңбек нарығында қоғам сұранысына сай кадр дайындаудың алғышарты. Бастауыш сыныптарда «Терезе жанындағы өсімдіктер», «Sтеаm» зертханасы мен «Ақылды жылыжай» жобалары арқылы оқушылар ауылшаруашылық кәсібіне бейімделуде. Бүгінгі таңда мұғалімдердің кәсіптік бағдар берудегі талпынысы түрлі олқылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі.


Бөлісу