СҚО-да элеваторлар қызмет құнын негізсіз көтерген
Солтүстік Қазақстан облысында элеваторлар қызмет құнын негізсіз көтерген.
Мұны бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің мамандары тексеріс барысында анықтады. Мамандардың айтуынша, кәсіпкерлер мереке және демалыс күндері астық қабылдау және жөнелту бағасын негізсіз өсіріп отырған. Өңірдегі 46 астық қабылдау бекетінің 21-де осындай заңбұзушылық анықталды. Тексеріс нәтижесі бойынша астық қабылдау пункттеріне бағаны көтермеу жөнінде хабарлама таратылды.
Аслан Әліппаев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті басшысының орынбасары:
Кәсіпкерлер демалыс және мереке күндері жұмысшылардың жалақысы екі есе тарифпен төленетінін алға тартты. Алайда бұл бағаны өсіруге себеп болмауы керек. Хабарлама таратылғаннан кейін бір нысан талапты орындамай, тергеу жүргізілді. Сот қаулысына сәйкес, кәсіпкерге айыппұл салынғаннан кейін ұйғарым орындалды.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16