Алматыда сатирик-жазушы Үмбетбай Уайдинді еске алу кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда сатирик-жазушы Үмбетбай Уайдинді еске алу кеші өтті

01.03.2019

«Қалдырған ізің мәңгілік...». Осындай атаумен Алматыдағы «Дарын» мектебінде жазушы, журналист Үмбетбай Уайдинді еске алу кеші өтті. Оған жазушының жары мен достары келіп, арнайы қатысты. Олар қаламгердің өнегелі өмірінен сыр шертіп, естеліктер айтты.

Үмбетбай Уайдин - ұзақ жылдар бойы осы мектепте ұстаздық қызмет атқарып, талай шәкіртті журналистика саласына тәрбиелеген тұлға. Сатира сардары атанған ол қазақ журналистикасын дамыту жолында толассыз еңбек етті. Жекелеген кітаптары орыс, украин, қырғыз, қарақалпақ, тува тілдеріне аударылған. Мәселен, «Қара көзілдірік», «Ендігісін айтпаймын», «Ішің білсін», «Контейнермен келген кемпір», «Тілсіз қоңырау», «Быды-быды», «Нанайын ба, нанбайын ба?» атты өлеңдер және әзіл-сықақ жинақтары жарық көрген.

Рақымжан Өтемісов, журналист:

- Ол кісі университетте сабақ берді, мектепте сабақ берді. Ол мынау сыныпқа кіріп-шығып, аудиторияға кіріп-шығып жүрген ұстаз ретінде емес, жалпы өмірде өзінің қалпымен, өзінің мінезімен, жүріс-тұрысымен, сөзімен, барлық қалпымен ұстаз болған адам.

Руслан ҚОСАНОВ

Хабарламаларға жазылу