Петропавлда шыршаны заңсыз сатқандар анықталды
Статистикаға сүйенсек, жаңа жыл мейрамы қарсаңында әлемде орта есеппен 120 млн түп шырша кесіледі.
Қылқан жапырақты ағаштың өсіп-жетілуі үшін кемінде 10 жыл уақыт қажет. Дегенмен ағаштарды заңсыз кесу және сату деректері де желтоқсан айында көбейеді. Қылмыстың алдын алу мақсатында петропавлдық полицейлер сауда нүктелерінде рейд ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары кәсіпкерлердің құжаттарын тексеріп, шыршаны сату талаптары жайында түсіндірді. Рейд барысында арнайы құжатсыз, белгіленбеген жерде сауда жасағандар анықталды. Полиция қызметкерлері оларға ескерту қағаздарын табыстады. Қылмыс қайталанса, айыппұл салынады.
Марат Жұмалиев, Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы:
Бұл шараны жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастырдық. Қалалық әкімдік шырша сатылатын жерлерді белгілейді. Басқа аумақта сауда жасауға тыйым салынады. Сонымен қатар рейд барысында қылқан жапырақты ағаштардың қандай түрге жататынын, қайдан әкелінгенін анықтаймыз.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16