Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
Петропавлдың Береке ықшам ауданында мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ашылды.
Жаңа нысан заманауи қондырғылармен жарақталған. Жоба құны 2 млрд теңге. Өрт сөндіру бөліміне қызметтік борышын орындау кезінде қайтыс болған құтқарушы Алтынбек Әдбірахмановтың есімі берілді. Қайғылы оқиға 2015 жылы тіркелген болатын. Ашылу салтанатына марқұмның туған-туыстары қатысты.
Зүбәйда Әбдірахманова, зейнеткер:
Міне, 10 жыл болып қалды. Барлығына рахметімді айтамын. Алтынбегім өзі сондай өте бала еді. Басқаның өміріне араша түсті ғой.
Салтанатты шара басырында өрт сөндірушілерге 10 арнайы техника мен 6 қызметтік пәтердің кілті табысталды. Баспана иелерін анықтау кезінде салада ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп жүрген мамандарға басымдық берілген. Көппәтерлі үй өрт сөндіру бөлімінің аумағында орналасқан.
Шыңғыс Әрінов, ҚР ТЖ министрі:
Біздің құтқарушыларға жақсы жағдай, қамқорлық көрсетсек, баспана берсек ертеңгі күні олар да міндетті түрде халыққа адал қызмет етіп, алда талай жақсы нәтижелер береді деген ойдамыз.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16