МАЭК-ке салық салынбауы мүмкін
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына бөлінген субсидияға салық салынбауы мүмкін.
Бүгін Мәжілісте «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер»
туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Оған сай Маңғыстау халқын электр
энергиясымен, жылу және сумен қамтып отырған атом энергетикалық комбинатына
жеңілдік жасауға бағытталған норма енгізілді. Өйткені бұған дейін кәсіпорынға
берілген қаржының 20 пайызына салық салынып отырған. Мәселен 2024 жылы 5 млрд
теңге бөлініп, оның 1 млрд теңгесі салық ретінде қайтып алынған. Қазір аталған
комбинат банкроттықтың сәл-ақ алдында тұр. Себебі газды өз құнынан бірнеше есе
қымбат сатып алып отыр, - дейді мәжіліс депутаттары.
Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:
Берілген ақша толықтай сол қарыздарды жабуға немесе даму жабдықтарын жөндеуге толық жұмсалуы үшін біз салықты алып тастап отырмыз. Себебі ол мемлекеттің мекемесі, мемлекеттің ақшасы. Сондықтан ол сол жерде толық тиімді жұмсалуы керек. Бірақ бұл норма уақытша. 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін осылай белгіленіп отыр.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16