Мәжілісте 3 бірдей заң жобасы қаралып жатыр
Бүгін Мәжіліс үш бірдей заң жобасын қарайды. Оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» құжаты бар. Одан бөлек қаруды қылмыстық мақсатта пайдалануды шектейтін заң жобасы талқыланады. Парламенттен тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес бізбен байланысқа шығып тұр.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Бүгін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралады. Сондықтан құжатқа қандай толықтырулар мен өзгертулер енгізілетінін отырыс барысында білеміз. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасына келсек, бұл — екі мемлекеттің зейнетақы жүйесіндегі ынтымақтастықты рәсімдеуге арналған құжат. Мақсат — екі елдегі еңбек өтілі мен зейнетақы жарналарының есептелуін реттеу және жинақтаушы зейнетақыны экспорттау тетігін енгізу. Яғни, бір елде еңбек еткен адам зейнет жасына жеткенде екінші елден төлем алу мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ «Күзет қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралады. Бұл - жеке күзет ұйымдарының қызметін лицензиялау, бақылау, өзге өңірге ауысу, қайта тіркелу, қызметін тоқтату немесе қайта бастау тәртібін реттейтін өзгерістерді қамтиды.
Мәжілістің жалпы отырысы қазір ғана басталды. Қандай өзгерістер жоспарланып отырғаны жөнінде алдағы жаңалықтарда хабарлаймыз.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16