СҚО-да 3 мектеп онлайн оқытуға көшті
Солтүстік Қазақстан облысында жұқпалы аурулардың өршуіне байланысты 3 мектеп толықтай қашықтан оқытуға көшті. Өткен аптада жедел респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан 3700-ге жуық адам тіркелді. Көбі - жасөспірім. Дегенмен көрсеткіш өткен аптамен салыстырғанда 63 пайыз төмендеген. 30 білім мекемесінде 108 сыныптың балалары уақытша онлайн білім алып жүр. Бір сыныпты бір кабинетте оқыту, маска тағу режимі сынды шектеу енгізілген. 124 адамнан Гонконг тұмауы анықталды. Мамандардың айтуынша, жұқпалы аурулардан сақтанудың ең тиімді жолы – екпе алу.
Айнаш Сағындықова, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
Осы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дің 29 750 жағдайы тіркелді. Ол өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда сол жағдайда қалып отыр. Вакцинациядан бөлек, спецификалық емес профилактиканы естен шығармауымыз керек.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16